Сайлау: Елдегі 8 272 учаскеде дауыс беру басталды
Еліміз өңірлеріндегі 8 272 учаскеде дауыс беру басталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орталық сайлау комисссиясы облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының комиссиялары ұсынған ақпараттына сәйкес, 07.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 8 272 учаскеде дауыс берудің басталғанын хабарлайды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 12 шет мемлекеттегі 13 учаскесінде дауыс беру басталды. 92 учаскеде аумақтық комиссиялардың Конституциялық заң аясында қабылданған шешімдеріне сәйкес, дауыс беру таңғы сағат 06.00-де басталды. 5 өңірдің, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының 1 887 учаскесінде дауыс беру астана уақытымен сағат 08.00-де басталады. Барлығы 10 223 учаскесі, оның ішінде 62